«Ертіске» Гондурас құрамасының шабуылшысы ауысты

news-banner7
mobile-news-top

Павлодарлық «Ертіс» Гондурас құрамасының шабуылшысымен ресми түрде келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Prosport.kz сайты клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Эдди Габриэль Эрнандес Падилья футбол мансабын туған жерінде, «Платенсе» клубында бастаған. 2007 жылы Эдди Гондурас чемпионатында алғаш рет өнер көрсетті. 2012 жылы швециялық «Хеккен» командасына ауысқан. Бұдан бөлек, «Олимпия», «Вида», «Коррекаминос» (Мексика) ұжымдары сапында ойнаған. 2014/2015 маусымында Гондурастағы Апертура біріншілігінде үздік шабуылшы атанды. Павлодарлық командаға Гондурас елінің «Мотагуа» клубынан ауысты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер