RomaSport
Басқа

ШҚО-да кикбоксингтен облыс чемпионаты өтеді

ШҚО-да кикбоксингтен облыс чемпионаты өтеді
news-banner7
mobile-news-top

Семейде 2000-2001 ж.т., 1999 ж.т және одан ересек спортшылар арасында кикбоксингтен облыс чемпионаты өтпек. Аталмыш сайыста жүзге жуық спортшы өзара мықтыны анықтайды.

Мұнда жарыс иелерінен бөлек, Өскемен қаласының және өңірдегі бірқатар аудандардың спортшылары жарыс жолына шықпақ. Кикбоксингтен жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау үшін ересектер мен жастар барлығы 12 салмақта сынға түссе, бұрымдылар төрт салмақ дәрежесінде өнерлерін ортаға салады.

Екі күнге жалғасатын жарыс барысында «Тарлан» спорт кешенінде өз салмағының үздіктері белгілі болмақ. Облыс біріншілігінде ақтық сынға шыққан қатысушылар наурыздың 21 мен 25 аралығында Павлодарда ересектер арасында өтетін Қазақстан Республикасы чемпионатында өңір намысын қорғайды. Ал, жастар арасындағы ел чемпионаты сәуірдің 24 күні Өскеменде өз бастауын алады.

ШҚО Дене шынықтыру және спорт

басқармасының баспасөз қызметі

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер