Ари-Пекка Селин: «Қақпашының еш кінәсі жоқ»
![Ари-Пекка Селин: «Қақпашының еш кінәсі жоқ»](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1381648028_17970934.jpg?v=28689415)
«Барыс» пен қазандық «Ақ Барстың» бас бапкерлері Ари-Пекка Селин мен Валерий Белов кездесу аяқталған сон матч жайлы ой-пікірлерімен бөлісті.
«Ақ Барстың» бас бапкері Валерий Белов:
– Кездесуге көңілім толды. Ең маңыздысы бірде-бір ойыншымыз ойын тізгенін қолынан жібермеді. Константин Барулин керемет ойын өткізді. Бар мүмкіндіктеріміз орындап, қорғаныста жақсы ойнай білдік.
– «Ақ Барстың» бұл маусымға қойған мақсаты қандай?
– Құрамада біраз өзгеріске қарамастан, мақсаттарымыз бұрынғыдай.
«Барыстың» бас бапкері Ари-Пекка Селин:
– «Ақ Барс» командасын жеңіспен құттықтаймын. Бірқалыпты жақсы ойын көрсетті. Гол соғатын біраз мүмкіндіктеріміз болды, алайда өкініше қарай соға алмадық.
– Ари Ахонен шайбаларды қақпа алдына көп қайтарды, соңын әсерінде қазандықтар бізге үш шайба соғып үлгерді...
– Ия, барлық голдар қақпашы қайтарған соққыдан кейін соғылды. Дегенмен жеңілсек те, жеңсек те барлығына командамен жауап беріміз. Біз бір командамыз. Сондықтан да бұнда қақпашының еш кінәсі жоқ.