Сіз тіркеуден өттіңіз! Сайтымызға кіру үшін авторизацияны қолданыңыз.
9 наурыз 01:09

Ақтөбеліктер Азия чемпионы Нұрислам Санаев салтанатты түрде қарсы алды

Ақтөбе жұрты Азия чемпионы Нұрислам Санаевты салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды prosports.kz ақтөбелік басылымдарға сілтеме жасап.  

27 ақпан - 4 наурыз күндері аралығында Бішкек қаласында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен 2018 жылғы Азия чемпионаты өтті. Чемпионатқа Ақтөбе облысынан 3 спортшы қатысып 2 алтын, 1 қола медальдарын жеңіп келді.
Ақтөбе спортының тарихында алғаш рет 61 келі салмақта еркін күрестен Нұрислам Санаев Азия чемпионы атанды. Соңғы рет облыста Азия чемпионы болып 2004 жылы бокстан Галиб Джафаров атанған болатын, арада 14 жылдан соң Нұрислам сол жеңісті қайталады. Осы жеңісінің нәтижесінде 2018 жылы 18 тамыз - 2 қыркүйек аралығында Джакартада (Индонезия) өтетін XVIII Жазғы Азия ойындарына жолдама алды.

Сонымен қатар, Мейрамбек Айнағұлов 63 келі салмақта грек-рим күресінен Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды және Айжан Исмағұлова 58 келі салмақта грэпплингтен Азия чемпионатының жеңімпазы атанды.

Айта кететін жайт, қарсы алушылар қатарында Ақтөбе күрес мектебінің ардагерлері де бар. Атап айтқанда, Ақтөбе облысындағы қазақ жастары арасынан шыққан тұңғыш КСРО спорт шебері Жұмаш Ізбасаров та бар. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0

Пікір қалдырасыз ба?

Кіріңіз, Тіркеліңіз немесе әлуметтік желі арқылы кіріңіз:

Үздік материалдар

Спасибо. Сообщение об опечатке отправлено нашим редакторам.