Футзал

Павлодарда қысқы универсиада аясында футзал додасы мәресіне жетті

news-banner7
mobile-news-top

Қысқы студенттік ойындарда ала доп бәсекесі де өз мәресіне жетті, деп хабарлайды prosports.kz сайтының тілшісі.

Бес күнге жалғасқан футзал жарысында 27 ЖОО командалары бақ сынады.

Бұрымдылар арасында Қазақ Спорт және Туризм академиясының арулары қола жүлде еншілесе, Әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті екінші орынға табан тіреді. Ал, алтын жүлде Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің қоржынында кетті.

Ал, ерлер командалары арасында финалдық бәсекеде қарағандылық дерби өтті. Алатау бөктерінен келген азулы ұжымдарды жарыс жолынан тайдырған ҚЭУ мен ҚарМУ студенттері бас жүлдеге таласты. Бір-біріне етене таныс қарсыластар, ойынның алғашқы бөлігінде сақ қимылдады. Тең өткен кездесуде ұйымдасып өнер көрсеткен ҚарМУ футболшылары 2 доп басымдылығына матчтың алғашқы жартысында ие болды. Алаңға бесінші ойыншысын шығарған қарсыластардың қолынан келгені тек бір гол соғу болды. Ойынның қалған уақытында Академик Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ студенттері допты өз иеліктеріне қалдырып, матчты 2:1 есебімен қорытындылады. Ал, қола жүлдені Қостанай Мемлекеттік педагогикалық Университеті қанжығасына байлады.

Құлтас ДОСТАНОВ, ҚР БҒМ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
Байқап отырсыздар Алматы қаласының студенттері жетекші орында келе жатыр. Қазір көріп отырсыздар қыздар педагогика университетінің студенттері 2-ші алтын жүлдені еншілеп отыр. Бұл жерге барлығы дайындықпен келген. Универсиаданың экваторына келдік. Жарыстың енді қызған шағы. Енді 2 күннен кейін тағы жарыстар басталады. Сол жерде командалық нәтижелер белгілі болады. Универсиаданың тағы бір ерекшелігі – 1-ші орынан алтыншы орынға дейін қортындылаймыз.

Естеріңізге сала кетейік, алдағы күндері, қысқы спорттық бағдарлау, армрестлинг, гір спорты, пауэрлифтинг және қазақ күресі сынды спорттық жарыстар өтетін болады.

Автор:Мәди Мұхамедқали. Павлодар

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер