Әлем футболы

ПСЖ жазда сегіз ойыншысын жібереді

ПСЖ жазда сегіз ойыншысын жібереді
news-banner7
mobile-news-top

ПСЖ клубы басшылығы команда Чемпиондар лигасының 1/8 финалынан аса алмаған соң клубтан бірнеше ойыншыны босатпақшы.

Клуб басшылығының қаһарына ұшырағандардың қатарында Эдинсон Кавани, Анхел Ди Мария, Хавьер Пасторе және Марко Верратти сынды негізгі құрам ойыншылары бар.

Сондай-ақ, қорғаушы Дани Алвес те клубтан кетуі мүмкін. Париждік команда бразилиялық ойыншыға емес жас Томас Меньеге сенім артпақ. Алайда Алвес Неймардың досы болғандықтан аздаған қиындықтар да болуы мүмкін.

Лайвеа Курзава, Юри Бершич және Адриен Рабьо да команда ауыстыруы мүмкін ойыншылар қатарында.

Естеріңізге салсақ, ертеректе ПСЖ өкілдері «Челси» клубының бапкері Антонио Контемен байланысқа шыққандығы хабарланған. Маусым соңында париждік команданың қазіргі бапкері Унаи Эмери қызметінен кетеді деп күтілуде.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер