Жаға ұстатты
Әлем футболы

Асториді шығарып салуға 7 мыңнан астам жанкүйер жиналды

Асториді шығарып салуға 7 мыңнан астам жанкүйер жиналды
news-banner7
mobile-news-top

«Фиорентинаның» бұрынғы капитаны және Италия құрамасының бұрынғы ойыншысының жерлеу рәсіміне 7000-ға жуық жанкүйер келді.

Айта кетейік, Давиде Астори өткен жексенбіде Удине қаласындағы қонақүйде өлі күйінде табылған болатын. Италияда 31 жастағы футболшының өліміне қатысты қылмыстық тергеу басталды. Астори брадиаритмиядан көз жұмғаны анықталды.

Футболшыны шығарып салу үшін Флоренцияға жанкүйерлер ғана емес туриндік «Ювентустың» футболшылары мен бас бапкері де келді.

Бұған дейін «Фиорентина» футболшысын еске алу үшін осы аптадағы еурокубок матчтары бір минуттық үзіліспен басталады деген шешім қабылданған болатын. Ал Астори ойнаған «Фиорентино» мен «Кальяри» клубтары футболшы киген 13-нөмірді мәңгілікке сақтап қойды. Сондай-ақ, «Фиорентина» Асторимен келісімшартын өмір бойыға ұзартты. Енді оның жалақысын футболшының отбасы алып отырады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер