Велоспорт

«Париж – Ницца» көпкүндігі: «Астана» велошабандозы көш басында тұр

news-banner7
mobile-news-top

«Астана» командасының велошабандозы Луис Леон Санчес «Париж – Ницца» көпкүндігінде топ бастап келеді.

Кеше спортшылар Сент-Этьен қаласында 18 шақырымдық жекелей жарыста сынға түсті. Төртінші кезеңдегі сайыста «Скай» командасының өкілі Воут Пулс жеңіске жетті. Ол мәре сызығын 25 минут, 33 секундта қиып өткен.

Астаналық Луис Леон Санчес жеңімпаздан 28 секунд ұтылып, кезеңді жетінші орынмен аяқтады. Жалпы есепте Санчес көшбасшыға тиесілі сары жейдені сақтап қалды. «Астана» велошабандозы екінші орында келе жатқан Пулстан 15 секунд алда тұр.

Бүгін «Париж – Ницца» көпкүндігінің 165 шақырымдық бесінші кезеңі өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер