«Құпия» ақпарат

Александр Глеб «Қайратпен» келіссөздер жүргізіп жатыр

Александр Глеб «Қайратпен» келіссөздер жүргізіп жатыр
news-banner7
mobile-news-top

Тәжірибелі футболшы Александр Глебтің Алматы қаласына не үшін келгені белгілі болды, деп жазады Prosports.kz сайты.

Кеше таңертең Белорусь футболының аңызы Алматы қаласының әуежайында байқалған. Prosports.kz тілшісіне «Қайрат» клубына жақын адамнан белгілі болғандай, «Арсеналдың» бұрынғы ойыншысы алматылық клубпен келіссөздер жүргізуге келген. Тіпті, бүгін «Қайратпен» бірге жаттығу жұмыстарын өткізеді.

Айта кетейік, 36 жастағы ардагер футболшы мансабында лондондық «Арсенал» мен каталондық «Барселона» секілді танымал командаларда доп тепкен. Бұдан бөлек немістің «Штутгарт», «Вольфсбург», англиялық «Бирмингем», түріктің Генчилербирлиги», «Коньяспор», ресейлік «Крылья Советов» және өз отанында «Динамо-Юни» мен БАТЭ сияқты командаларда өнер көрсеткен.

Оқи отырыңыздар:

ҚПЛ. Мықтылардың айқасы: болжам жасап, ұтысқа ие бол

Қазақстан Ұлттық құрамасына 35 футболшы шақырту алды

Қазақстандық футболшы Армения біріншілігіне ауысты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер