Сіз тіркеуден өттіңіз! Сайтымызға кіру үшін авторизацияны қолданыңыз.
8 наурыз

Головкин: Канелоны білемін, оған препараттар керек емес

Журналист
Тегтер: Головкин
Головкин: Канелоны білемін, оған препараттар керек емес

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин RingTV-ге берген сұқбатында қарсыласы Сауль Альварестің қанынан допинг табылғаны жайлы өз ойын айтты.

- Әрине, бұл жекпе-жекті әлі де қалаймын. Канеломен бітпеген шаруам бар. Оның допингі туралы жаңалық ұнаған жоқ, әрине. Мен оны жақсы танимын, оған қандай да бір дәрілер немесе тыйым салынған препараттар керек емес. Бұл оның ғана емес, бүкіл командасының проблемасы. Бұл препарат (кленбутерол) басқа да мексикалық спортшылардан табылған болатын. Сондықтан, олар бұл туралы білуі қажет еді, - деді Головкин. 

Естеріңізге сала кетсек, мексикалық боксшының қанынан тыйым салынған Кленбутерол препараты табылған болатын. Бұл дәрі Канелоның организміне ластанған ет арқылы түсуі мүмкін.

Ал Головкин – Альварес жекпе-жегі 5 мамырда Лас-Вегаста өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Тегтер: Головкин
Пікірлер 0

Пікір қалдырасыз ба?

Кіріңіз, Тіркеліңіз немесе әлуметтік желі арқылы кіріңіз:

Үздік материалдар

Спасибо. Сообщение об опечатке отправлено нашим редакторам.