Бокс

Санчес Альваресқа қатысты допинг ісі әділ тергелетініне сенбейді

Санчес Альваресқа қатысты допинг ісі әділ тергелетініне сенбейді
news-banner7
mobile-news-top

Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF чемпиондық белбеулерінің иегері Геннадий Головкиннің жаттықтырушысы Абель Санчес мексикалық боксшы Сауль Альваресқа қатысты допинг ісінің әділ тергелетініне күмәнмен қарайтынын мәлім етті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Осыған дейін Альварестің сынамасынан кленбутерол деген тыйым салынған дәрумен табылған болатын. Боксшының командасы мұны сапасыз ет тұтынудан болған қателік деп түсіндіріп отыр.

- Менің ойымша, кейбір спорттық комиссиялар белгілі бір спортшыларға айтарлықтай жұмсақтық танытады. Бұл Техас пен Невададағы комиссияларға қатысты. Басқаларымен салыстырғанда белгілі бір боксшылар үшін қатаң тәртіптегі ереженің талабы сәл төмендетіледі. Мен ешқашан «Канелоның» допинг-тесттен өте алмай қалғанын естімеппін. Бірақ кленбутерол - жайдан жай қолданылатын препарат емес. Тергеу жұмыстары мұқият жүргізілсін, - деді Санчес Yahoo! Sports порталына берген сұқбатында.

Осының алдында «Канелоның» допинг дауына байланысты Головкиннің өзі де пікір білдіріп, қарсыласының командасын сынға алған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер