Әлем футболы

«Манчестер Сити» мен «Ювентус» ширек финалға өтті

«Манчестер Сити» мен «Ювентус» ширек финалға өтті
news-banner7
mobile-news-top

УЕФА Чемпиондар лигасының кезекті ширекфиналистері белгілі болды.

Сәрсенбіде ағылшынның екі клубы өз алаңында матч өткізген. «Манчестер Сити» мен «Базель» жұбының тағдыры шешіліп қойған еді. Алғашқы ойында англиялық команда қарсыласын 4:0 есебімен жеңген болатын. Қарымта кездесуде Хосеп Гвардиола жартылай екінші құрамын шығарды.

Матчтың 8-минутында Габриэл Жезуш алаң иелерін алға шығарған. Алайда, 17-минутта Мохамед Эльюнусси таразы басын теңестіріп тастады. Ал екінші таймда Михаэль Ланг гол соғып, қонақтарға жеңіс сыйлады – 1:2.

«Манчестер Сити» өз алаңында күтпеген жерден жеңіліп қалғанымен, қос ойынның қорытындысы бойынша 5:2 есебімен ширек финалға шықты.

«Тоттенхэм» - «Ювентус» матчында да осы есеп тіркелді. Алғашқы ойында командалар тең түскендіктен, қарымта матчтың жеңімпазы келесі кезеңге өтеді. «Тоттенхэм» матчты сәтті бастап, бірнеше қауіпті соққылар жасады. 39-минутта Сон Хын Мин англиялық клубты алға шығарған.

Алайда үзілістен кейін ойын тағдыры өзгеріп кетті. 64-минутта Гонсало Игуаин есепті теңестірсе, үш минуттан соң Пауло Дибала қонақтарды алға шығарды. Италиялық клуб қолда бар жеңістен айырылмай, осы есепті сақтап қала алды – 1:2. Қос матчтың қорытындысы бойынша есеп – 3:4, «Ювентус» ширек финалға өтті.

Бұған дейін испаниялық «Реал Мадрид» пен англиялық «Ливерпуль» ширек финалға жолдама алған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер