«Ақжайыққа» тағы бір украиналық футболшы қосылды

news-banner7
mobile-news-top

Донецкілік «Металлург» пен «Шахтердің» бұрынғы қорғаушысы, былтыр «Ақтөбеде» ойнаған Александр Воловик «Ақжайыққа» ауысты.

Украиналық қорғаушымен келісімшарт биылғы маусым соңына дейін жасалған.

Былтырғы маусымда 32 жастағы орталық қорғаушы «Ақтөбеде» ойнап, бірақ қыркүйекте жарақат алып қалған еді.

Естеріңізге сала кетсек, «Ақжайықты» украиналық маман Владимир Мазяр жаттықтырады. Клуб Воловиктен бөлек, Евгений Боровик, Адеринсола Эсеола, Игорь Худобяк, Сергей Басов, Юрий Путраш және Андрей Ткачук сынды украиналық футболшылармен келісімшарт жасасты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер