Футзал

Какау: Қазақстан құрамасынан кеткім келмейді

Какау: Қазақстан құрамасынан кеткім келмейді
news-banner7
mobile-news-top

«Қайрат» пен Қазақстан құрамасының бас бапкері Какау Prosports.kz-ке берген сұқбатында еліміздің ұлттық командасынан кеткісі келмейтінін айтты.

«Жанкүйерлер клубтан да, құрамадан да кетпеуімді сұрап, хат жазып жатыр. Олар күнде жазады. Шынымды айтайын: Қазақстан құрамасынан кеткім келмейді, маған бұл жұмысым ұнайды. Футзал қауымдастығының президентімен сөйлестім, болашағым туралы өз шешімімді 18 наурызда айтамын. Екі клубтан ұсыныс түсті, олар бір уақытта Қазақстан құрамасында да жұмыс істеуіме бөгет болмайды деп ойлаймын. Құрамамен бірге үлкен нәтижелерге қол жеткізгім келеді. ЕУРО-2018 жарысы алдындағыдай біреулер күмәндануы мүмкін. Бірақ маған маңыздысы – жанкүйерлердің мені қолдауы», - деді Какау.

Айта кетейік, Какау ЕУРО-2018 кезінде Қазақстан құрамасынан кететінін айтқан еді. Бразилиялық маман алматылық «Қайраттан» да кетпек.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер