Сіз тіркеуден өттіңіз! Сайтымызға кіру үшін авторизацияны қолданыңыз.
Kazakh Bet

Kazakh Bet

ЖЕҢІСТІ КҮНДЕРМЕН БІРГЕ!

Қүрылған күні:

24 тамыз 2017

Блог негізін салушы:

baha2612

7 наурыз

Чемпиондардың тартысы

Чемпиондардың тартысы

Бүгін Чемпиондар Лигасы. Демек қалтамызға ақшамызды салып, букмекерге баратын уақыт. Сіз ақшаңызды еселеуге дайынсыз ба? Онда кеттік.

Тоттенхэм мен Ювентус арасындағы алғашқы матч тартысқа толы болды. Футбол жанкүйерлері Ювентус өз алаңында Англиядан келген қонақты ұтады деп ойлаған. Алайда алаң қожайындары үшін сәтті басталған ойын артынша сәтсіз аяқталды. Өз алаңында екі гол жіберген Ювентустің қазіргі халі мүшкіл. Ал Тоттенхэм болса түзде өткен сәтті ойыннан соң өз жерінде мұндай мүмкіндікті жібере қоймас. Тәртіпті алға қойған Тоттенхэм бапкердің айтқанын дұрыс орындаса келесі кезеңге өтуге міндетті. Біздің болжам - Тоттенхэм келесі кезеңге өтеді.

УЕФА Чемпиондар Лигасы. Плей-офф. 1/8 финал. Қарымта ойын.

Тоттенхэм - Ювентус: Тоттенхэм келесі кезеңге өтеді - 1.50

Дегенмен Ювентус алаң қожайындарына тойтарыс бере алмайды дегенге сену қиын. Қонақтар қолды-аяғында тұрмай шабуыл жасауға тырысады. Ал алаң иелері мүмкіндігінше қақпасын құрғақ ұстауға тырысатыны анық. Өйткені түзде соққан екі голы бар. Дегенмен гол жіберген жағдайда ашық футболға көшеді. Екі команда да стандартты жағдайға көп үміт артатыны анық. Оның үстіне ашық футбол көрсеткен кезде бұрыштама добының көп көтерілетіні белгілі.  Біздің болжам - бұрыштама добы 9.5-тен көп көтеріледі.

Бұрыштама: Тоттенхэм - Ювентус: Тотал 9.5-тен көп - 1.53 

Ал екінші ойынша жолдама мәселесі шешіліп қойған. Манчестер Сити сырт алаңда Базельдің қақпасына төрт гол соқты. Ендігі өз алаңында еш уайымсыз ойнауы қажет. Дегенмен тартысты ойын болмайды дегеннен аулақпыз. Пеп Гвардиоланың қаталдығын, оның үстіне Манчестер Ситидің нағыз бабында екенін ескерсек - алаң қожайындары 2-3 гол соғып жеңіске жетуі қажет.  Біздің болжам - Манчестер Сити 1.5 айырмашылығымен жеңіске жетеді.

УЕФА Чемпиондар Лигасы. Плей-офф. 1/8 финал. Қарымта ойын.

Манчестер Сити - Базель: Манчестер Сити 1.5 айырмашылығымен жеңіске жетеді - 1.58 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0

Пікір қалдырасыз ба?

Кіріңіз, Тіркеліңіз немесе әлуметтік желі арқылы кіріңіз:

Спасибо. Сообщение об опечатке отправлено нашим редакторам.