Жеңіл атлетика

Бирмингемдегі әлем чемпионатында жеңіске жеткендер

news-banner7
mobile-news-top

1-4 наурыз аралығында Ұлыбританияның Бирмингем қаласындағы National Indoor Arena кешенінде жеңіл атлетикадан 17-ші әлем чемпионаты өтті.

Англияның қаласы осымен екінші мәрте қысқы маусымдағы чемпионатты қабылдап отыр. Ең алғаш 2003 жылы өткізген болатын. Әлем чемпионатына норматив орындаған спортшылар қатысты. 4 күн бойы атлеттер 26 медаль жиынтығын сарапқа салды.

Бирмингемде бір әлем рекорды жаңарды. Оның авторы ­ 4х400 метрлік эстафетадан Польша ерлер құрамасы. Олар финалда турнирдің басты фавориті АҚШ құрамасын базып озды. 4 кезең бойы америкалықтар сенімді түрде көшбастап, екінші орындағы командадан 10 метрге озып кеткен. Бірақ мәреге жақындаған тұста поляк Якуб Кшевин АҚШ спортшысы Вернон Норвудты 0,2 секундқа артқа тастады. Сөйтіп, Кароль Залевский, Рафаэл Омелько, Лукаш Кравчук, Якуб Кшевин бұған дейінгі рекордты 0,36 секундқа жақсартып, мәреге 3.01,77 секундта жетті.

Эфиопиялық желаяқ Гензебе Дибаба 1500, 3000 метрге жүгіруден екі дүркін әлем чемпионы атанды. Сондай-ақ америкалық Кортни Около 400 метрге жүгіруден және эстафетадан жеңіске жетті.

Ал Франциядан келген Рено Лавиллени осымен үшінші мәрте жабық кешендегі әлем чемпионатында сырықпен секіруден қарсылас шыдатқан жоқ. Бұған дейін 2012 және 2016 жылдары алтын алған. Чехиялық 400 метрге жүгіруші Павел Маслак та дәл солай. Бірақ бұл жолы финалда үшінші келген. Біраз уақыттан кейін төрешілер басқа жолаққа шығып кеткені үшін испаниялық Оскар Усильос пен Доминикан Республикасының атлеті Лугелин Сантостың нәтижелерін жойып, дискваликацияға жіберді. Соның арқасында Маслак үш дүркін әлем чемпионы атанды.

Бирмингем-2018, жеңімпаздар мен жүлдегерлер:

Ерлер

60 метрге жүгіру

1.Кристиан Коулман (АҚШ) ­ – 6.37 с

2. Су Бинтянь (Қытай) ­– 6.42 с

3. Ронни Бейкер (АҚШ) – 6.44 с

400 метрге жүгіру

1.Павел Маслак (Чехия) – 45.47 с

2.Майкл Черри (АҚШ) – 45.84 с

3. Деон Лендор (Тринидад және Тобаго) – 46.37 с

800 метрге жүгіру

1.Адам Кщот (Польша) – 1.47,47 мин

2. Дрю Уиндл (АҚШ) – 1.47.99 мин

3. Сауль Ордоньес (Испания) – 1.48.01 мин

1500 метрге жүгіру

1. Самуэль Тефера (Эфиопия) – 3.58,19 мин

2. Марцин Левандовский (Польша) – 3.58,39 мин

3.Абдалаати Игидер (Марокко) – 3.58,43 мин

3000 метрге жүгіру

1. Йомиф Кеджелча (Эфиопия) – 8.14,41 мин

2. Селемон Барега (Эфиопия) – 8.15,59 мин

3. Бетвелл Бирген (Кения) – 8.15,70

60 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру

1. Эндрю Поцци (Ұлыбритания) – 7,46 с

2. Джаррет Итон (АҚШ) – 7,47 с

3. Орел Манга (Франция) – 7,54 с

4х400 метрлік эстафета

1. Польша – 3.01, 77 мин

2.АҚШ – 3.01,97 мин

3. Бельгия – 3.02,51 мин

Биіктікке секіру

1. Данил Лысенко (Бейтарап атлет) – 2.36 м

2. Мутаз Эсса Баршим (Катар) – 2.33 м

3. Матеуш Пшибылко (Германия) – 2.29 м

Ұзындыққа секіру

1. Хуан Мигель Эчеваррия (Куба) – 8.46 м

2. Луво Маньонга (ОАР) – 8.44 м

3. Маркиз Денди (АҚШ) – 8.42 м

Үш қарғып секіру

1. Уилл Клэй (АҚШ) – 17.43 м

2. Алмир дос Сантос (Бразилия) – 17.41 м

3. Нелсон Эвора (Португалия) – 17.40 м

Сырықпен секіру

1. Рено Лавиллени (Франция) – 5.90 м

2. Сэм Кендрикс (АҚШ) – 5.85 м

3. Петр Лисек (Польша) – 5.85 м

Ядро серпу

1. Томас Уолш (Жаңа Зеландия) – 22.31 м

2. Давид Шторль (Германия) – 21.44 м

3. Томаш Станек (Чехия) – 21.44 м

Жетісайыс

1. Кевин Майер (Франция) – 6348 ұпай

2. Дамиан Уорнер (Канада) – 6343 ұпай

3. Майцел Уйбо (Эстония) – 6265 ұпай

Әйелдер

60 метрге жүгіру

1. Мюриэль Ауре (Кот-дꞌИвуар) – 6,97 с

2. Мари-Жозе Та Лу (Кот-дꞌИвуар) – 7.05 с

3. Муджинга Камбунджи (Швейцария) – 7.05 с

400 метрге жүгіру

1. Кортни Около (АҚШ) – 50.55 с

2. Шакима Уимбли (АҚШ) – 51.47 с

3. Эйлид Дойл (Ұлыбритания) – 51.60 с

800 метрге жүгіру

1. Франсина Нийонсаба (Брунди) – 1.58,31 мин

2. Эджи Уилсон (АҚШ) – 1.58,99 мин

3. Шелайна Оскан-Кларк (Ұлыбритания) – 1.59,81 мин

1500 метрге жүгіру

1. Гензебе Дибаба (Эфиопия) – 4.05, 27 мин

2. Лора Мьюр (Ұлыбритания) – 4.06,23 мин

3. Сифан Хассан (Нидерланды) – 4.07,26 мин

3000 метрге жүгіру

1. Гензебе Дибаба (Эфиопия) – 8.45,05 мин

2. Сифан Хассан (Нидерланды) – 8.45,68

3. Лора Мьюр (Ұлыбритания) – 8.45,78

60 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру

1. Кендра Харрисон (АҚШ) – 7.70 с

2. Кристина Мэннинг (АҚШ) – 7.79 с

3. Надин Виссер (Нидерланды) – 7.84 с

4х400 метрлік эстафета

1. АҚШ – 3.23,85 мин

2. Польша – 3.26,09 мин

3. Ұлыбритания – 3.29,38 мин

Биіктікке секіру

1. Мария Ласицкене (Бейтарап атлет) – 2.01 м

2. Вашти Каннигем (АҚШ) – 1.93 м

3. Алессия Трост (Италия) – 1.93 м

Ұзындыққа секіру

1. Ивана Шпанович (Сербия) – 6.96 м

2. Бриттни Риз (АҚШ) – 6.89 м

3. Состене Могенара (Германия) – 6.85 м

Үш қарғып секіру

1. Юлимар Рохас (Венесуэла) – 14.63 м

2. Кимберли Уильямс (Ямайка) – 14.48 м

3. Ана Пелетейро (Испания) – 14.40

Сырықпен секіру

1. Сэнди Моррис (АҚШ) – 4.95 м

2. Анжелика Сидорова (Бейтарап атлет) – 4.90 м

3. Екатерини Стефаниди (Грекия) – 4.80 м

Ядро серпу

1. Анита Мартон (Венгрия) – 19.62 м

2. Данниэль Момас-Додд – 19.22 м

3. Гун Лицзяо (Қытай) – 19,08 м

Бессайыс

1. Катарина Джонсон-Томпсон (Ұлыбритания) – 4750 ұпай

2. Ивона Дадич (Австрия) – 4700 ұпай

3.Йоргелис Родригес (Куба) – 4637 ұпай.

Түпнұсқасы: kazathletics.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер