Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында грэпплинг спортынан бірінші орын алды
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңыз5 наурызда Қырғызстан астанасы Бішкекте ерлер және әйелдер арасында грэпплинг және грэпплинг гиден Азия чемпионаты өтті.
Қазақстан Ұлттық құрамасы аталған чемпионатта 33 медаль (12 алтын, 12 күміс және 9 қола) жеңіп алып, жалпы командалық есепте бірінші орын алды. Ал екінші орынды турнир қожайындары иеленді.
Айта кетейік, өткен жылы да Астана қаласында өткен Азия чемпионатында қазақстандық палуандар 40-тан астам медальді қанжығаларына байлап бірінші орынға ие болған еді.