Теннис

Зарина Дияс атақты Серена Уильямспен үшінші мәрте кездеседі

Зарина Дияс атақты Серена Уильямспен үшінші мәрте кездеседі
news-banner7
mobile-news-top

АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтіп жатқан Premier сериясындағы WTA турнирінде қазақстандық теннисші қыздардың 1/64 финалда кездесетін қарсыластары анықталды.

Еліміздің бірінші ракеткасы Зарина Дияс әлемнің бұрынғы бірінші теннисшісі, «Үлкен дулыға» турнирлерінің 23 дүркін жеңімпазы америкалық Серена Уильямсқа қарсы өнер көрсетеді.

Әлемге әйгілі кіші Уильямс былтыр қыркүйек айында дүниеге сәби алып келіп, кортқа желтоқсан айында ғана оралған болатын.

Аталған кездесу 7 наурыздан 8 наурызға ауған түні сағат 01:00-де (Астана уақытымен) өтеді. Бұған дейін Дияс пен Уильямс екі рет кездесіп, екеуінде де америкалық теннисшінің мерейі үстем болған еді.

Сондай-ақ, тағы бір қазақстандық теннисші Юлия Путинцева (81) бельгиялық Элисон Ван Эйтванкпен (50) күш сынасып көреді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер