Хоккей

«Сарыарқа» мен «Металлург» арасында жетінші кездесу өтетін болды

news-banner7
mobile-news-top

Жоғары хоккей лигасының (ВХЛ) негізгі кезеңін төртінші орынмен аяқтаған «Сарыарқа» хоккей командасы плей-офф сатысындағы алтыншы кездесуін өткізді, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

Қарағандылықтардың қарсыласы топтық кезеңде 13-ші орын алған «Металлург» командасы болатын.

Алғашқы төрт кездесудің қортындысы бойынша «Сарыарқа» 3:1 есебімен алда тұрған. Бесінші ойынды өз алаңында өткізген қарағандылықтардың 1/8 финал тағдырын сол ойында шешуге мүмкіндіктері бар еді. Алайда күтпеген жерден қонақтарға есе жіберіп алды. Ал алтыншы матчта өздері қонаққа келіп, тағы ұтылып қалды.

Енді келесі кезең жолдамасы жетінші матчта шешілетін болады. Ол ойын 9 наурыз Қарағанды қаласында өтеді.

«Металлург» — «Сарыарқа» 4:2 (1:1, 2:1, 1:0)
Жалпы есеп: 3:3

Шайба соққандар:

0:1 — 08:55 Тамбиев

1:1 — 12:50 Чернов (Романцев)

2:1 — 33:20 Макаров (Маслов)

2:2 — 34:35 Тополь (Ердаков, Сиксна)

3:2 — 37:33 Кокшаров (Шубин, Бутузов)

4:2 — 59:59 Романцев


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер