Әлем футболы

«ПСЖ» – «Реал»: Ойын алдында

«ПСЖ» – «Реал»: Ойын алдында
news-banner7
mobile-news-top

Чемпиондар лигасының 1/8 финалының жеребесі тартылып «ПСЖ» – «Реал» клубы таңдалғанда футболсүйер қауым париждік команданың келесі кезеңге өтетініне сенімді еді. Оған себеп те жоқ емес болатын. Біріншіден ПСЖ командасы қатарына Неймар келіп қосылғаннан бері қарсылас шыдатпай, керемет ойын көрсетіп жүр. Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде топтық кезеңде ең көп гол соққан команда атанған да осы ПСЖ клубы болатын. Ал «Реал» болса маусымды сүреңсіз бастады. Испания чемпионатында жағдайлары мүшкіл, Испания Кубогының жартылай финалын да жете алмай қалған. Ендігі олардың бар үміті дәл осы Чемпиондар лигасы болатын.

Алғашқы кездесу «Реал» алаңында өтті. Кездесуде бірінші болып ПСЖ командасы есепте алға шыққанда футбол мамандары мен жанкүйерлердің бұл жұптың фаворитін таңдағанда қателеспегендіктеріне сене бастағанбыз. Алайда ойынның қалған бөлігінде алаңда тек бір ақ команда ойын көрсетті. Кездесудің дәл осы бөлігін ПСЖ жанкүйерлері есіне алғысы келмейтін болар. Қалған уақытта үш гол соққан «Реал» ширек финалға біртабап жақындай түсті. Қарымта ойында ПСЖ командасына қарсылас қақпасын екі рет дәл көздеп өз қақпасын «құрғақ» ұстап қалу керек. Бұл негізі париждік команда қолынан келетін шаруа еді. Алайда... Жығылғанға жұдырық болып Франция Кубогы аясында «Марсельмен» болған ойында команданың көшбасшысы Неймар жарақат алып біраз уақытқа қатардан шығып қалды. Енді ол бүгінгі ойынды айтпағанда тағы екі ай командасына көмектесе алмайды.

Дегенмен, ПСЖ командасында Неймардан өзгесі бүгін алаңға шыға алады. Ал «Реал» қатарынан Крос пен Модричтің алаңға шығу шықпауы белгісіз болып тұр.

Ойынға қызылық ету міндеті Феликс Брых бастаған неміс төрешілеріне сеніп тапсырылған.

Букмекерлердің болжамы:

ПСЖ жеңісі: 1,9

Тең ойын: 4,1

«Реал» жеңісі: 3,7

Кездесу Астана уақытымен 01:45-те басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер