Әлем футболы

Касильяс Испания чемпионатына оралуы ықтимал

news-banner7
mobile-news-top

«Портудың» қақпашысы Икер Касильяс жазда Испания Примерасына қайта оралуы мүмкін.

A Bola ақпаратына сүйенсек, Касильяс еркін агент ретінде «Бетиске» ауысуы мүмкін. Клуб қақпашының көп жалақысына қарамастан, келісімшартқа отыруға дайын екен.

Бұған дейін «Портудың» басшылығы Касильястің жалақысына байланысты онымен келісімшартты ұзартпайтынын айтқан болатын. Қақпашының португалиялық клубпен еңбек келісімі биыл жазда бітеді.

«Портуға» дейін Касильяс мадридтік «Реалдың» капитаны болған еді. Осы маусымда 36 жастағы қақпашы Португалия Примейрасында 12 матч өткізді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер