Футбол деген бір ғажап!

Жерар Гоудың жаңа командасында қандай номер тағатыны белгілі болды

Жерар Гоудың жаңа командасында қандай номер тағатыны белгілі болды
news-banner7
mobile-news-top

2018 жылғы Қазақстан Суперкубогы үшін өткен ойында «Қайрат» футбол клубы «Астанадан» 3:0 есебімен оңбай ұтылды.

Өткен жылы алматылықтар елордалық клубтың қақпасына төрт кездесуде сегіз гол соққан болатын. Ал биыл алғашқы ойында бір гол да соға алмады. Бұған команданың бас шабуылшысы Жерар Гоудың жоқтығы әсер еткен болуы мүмкін.

Үш жыл қатарынан Қазақстан Премьер лигасының үздік сұрмергені атанған кот-д'ивуа́рлық қарамаржан кеткелі «Қайраттың» қарсылас қақпасына гол соғуы қиындап жүр. Маусым алды өткен жолдастық кездесулерде де алматылық ұжымның бір голға зар болған кездері көп.

Сол Жерар Гоуыңыз енді Қытайдың Бірінші лигасында өнер көрсететін болады. Бүгін Қытай төменгі лигасының командалары жаңа маусымға құрамын ұсынды.

Сол қатарда Гоу доп тебетін «Бэйцзин Энтерпрайзес» клубы да өз құрамын таныстырды. Қазақстандықтарға жақсы таныс шабуылшы жаңа командасында да Қазақстандағыдай 11 номер киеді екен. Топырлатып гол соғу үшін жаралған Гоуға жарасары да осы номер екені сөзсіз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер