Басқа

Спартакиада жеңімпаздары марапатталды

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстанның 4-ші қысқы спартакиадасында үздік шыққан аймақтар марапатталды.

2017 жылғы кешенді сында Алматы қаласының споршылары жалпыкомандалық есепте топ жарған болатын. Шығыс Қазақстан облысы екінші орын алса, Астана үздік үштіктен көрінді. Бүгін осы өңірлердің спорт басқармаларына кубок пен дипломдар табыс етілді. Сонымен қатар өткен жылы бұқаралық сайыстарды жоғары деңгейде ұйымдастырған облыстар да марапатталды.

Серік Жарасбаев, ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы:

- 2018 жылдың басты кешенді жарысы Президент жүлдесіне арналған «Халық ойындары» деген жарыс. «Халық ауыл спорты ойындары» – кешенді жарыс. Ол біздің жоспар бойынша Маңғыстау облысында өтеді. Себебі оларға да бұқаралық спорт дамуы үшін көңіл бөлу керек деп есептейміз.

24.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер