OTANDЫҚ ФУТБОЛ

Еркебұлан Сейдахметтің «бағасы» қанша?

Еркебұлан Сейдахметтің «бағасы» қанша?
news-banner7
mobile-news-top

Ресейлік «Уфа» клубының бас директоры Шамиль Газизиов отандық сайттың тілшісіне Еркебұлан Сейдахметті қаншаға сатып алғанын айтып берді.

«Сейдахметті біз еркін агент ретінде қатарымызға қосстық. Өйткені, ол ешқандай клубтың футболшысы емес еді. Ешқандай шығын болмады. Георгий Хутидиге (Сейдахмет тәрбиленіп шыққан «Монтажник» клубының негізін қалаушы - ред) алғыс айтқым келеді. Ол Сейдахметке «Уфа» сапына ауысуға көмектесті.

Сейдахмет «Уфаның» негізгі құрамында жуық арада өнер көрсетуі мүмкін. Барлығы оның физикалық дайындығына байланысты. Соңғы жаттығу жиындарында ол кішігірім жарақат алып қалған. Бірақ қазір өзін жақсы сезініп отыр», - деді Газизов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер