Ауыр атлетика

​Жанат Түсіпбеков ҚР ауыр атлетика федерациясы президенті болып қайта сайланды

news-banner7
mobile-news-top

2018 жылдың 1-наурызында Астана қаласында Қазақстан Ауыр атлетика федерациясының сайлау конференциясы өтті. ҚР ААФ-ның 2013-2017 жылдар аралығындағы жұмыстарының негізгі қорытындылары шығарылды, сондай-ақ жаңа 4-жылдық кезең жұмыстарының бағыты айқындалды. Жанат Түсіпбеков Ұлттық федерация президенті болып қайта сайланды.

«Облыстар мен республикалық маңызы бар қалаларда 16 өңірлік федерациялардың құрылуы ҚР ААФ-ы дамуының маңызды кезеңі болды. Оның ішінде негізгі басымдық деп ол жерлердегі инфрақұрылымдық дамуды айтуға болады. Осы есептік кезеңде Қазақстанның 7 ірі қаласында, сондай-ақ жекелеген аудан орталықтарында ауыр атлетикаға арналған залдар жөнделді және пайдалануға берілді. Өңірлерге 150-ден астам спорттық жабдықтар бөлініп, таратылды, әдістемелік оқулықтар және жеке спорттық киім-кешектермен қамтамасыз ету жүргізіліп жатыр», - деді өз сөзінде ҚР ААФ Жанат Түсіпбеков.

Шара барысында 2013-2014 жылдардағы кезеңде қазақстандық атлеттердің халықаралық турнирлерде түрлі деңгейдегі 93 медаль жеңіп алғаны туралы айтылды. Сонымен бірге Қазақстанның жасөспірімдер құрамалары деңгейінің жалпы жүлделер кестесінде айтарлықтай өсуі байқалады.

Астанада ҚР ААФ сайлау конференциясымен бірге, IWF бес құрлық федерацияларының басшылығы мен президенттері қатысқан Халықаралық ауыр атлетика федерациясы(IWF) Құрлықаралық комиссия отырысы қоса өтті.

«Қазақстанда нағыз талантты спортшылар, жасөспірімдер мен қыздар өте көп. Сіздердің олимпиадашыларыңыздың Токио Олимпиадасында керемет жетістіктерге жететініне сенімім зор. Оған таза спорт пен әділ ойындар жағдайында жоғары нәтижеге қол жеткізесіздер», - деп атап өтті IWF Президенті Тамаш Аян.

Шараға ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитеті басшылықтары, сондай-ақ ауыр атлетика ұлттық құрамасы мүшелері қатысты.

«Байырғы дәстүрі бар ауыр атлетика - Қазақстан үшін өте маңызды спорт түрі. Жалпы алғанда, Мәдениет және спорт министрлігі ААФ қызметі мен жұмысын және федерация басшысы Жанат Түсіпбеков өз сөзінде атап кеткен барлық келешегі бар тапсырмаларды толық қолдап отыр. Сондай-ақ тағы бір айта кетерлігі, министрлік допингке қарсы белсенді күресуде және ондай әдістердің бірі қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттілігі туындайды. Біз допингке қарсы саясатты қатаңдандыруға күш салып жатырмыз. Біздің осы бағытта Федерациялармен белсенді бірге қызмет жасап отырған допингке қарсы ұлттық орталығымыз жұмыс істеп тұр», - деп атап өтті ҚР спорт және дене шынықтыру істері жөніндегі Комитетінің төрағасы Серік Жарасбаев.

ҚР ААФ-ның жаңа кезеңдегі негізгі міндеттерінің ішінде жаттықтырушылар мен төрешілердің біліктілігін арттыру, допингке қарсы күресті күшейту және спортшыларды әлеуметтік қолдаудың қосымша шаралары кіреді. Сондай-ақ басым бағыттардың арасында жергілікті ауыр атлетика федерацияларн дамыту, материалдық-техникалық базаны жетілдіру және инвестиция тарту сынды мәселелер бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер