Дзюдо

Қазақстандық қос дзюдошы Еуропа кубогының жүлдегерлері атанды

news-banner7
mobile-news-top

Прагада ерлер арасында дзюдодан Еуропа кубогы өтіп жатыр.

Қазақстандық Жақсылық Жеңісбек (60 кг) финалда франциялық Финсент Лимарға есе жіберіп, жарыстың күміс жүлдегері атанды.

Ал 66 келіде белдескен балуанымыз Қайрат Ағыбаев жұбаныш финалында украиналық Геворг Хачатрянды иппонмен жеңіп, Қазақстан қоржынына қола жүлдені салды.

Жарыстың бірінші күнінде Қазақстан сапынан Қылыш Еренғайыпов (60 кг), Жақсыбек Жеңісбек (60 кг), Қайрат Ағыбаев (66 кг), Бауыржан Сағынғалиұлы (66 кг), Нұрлан Оразалин (73 кг) және Әділет Сейілханов (73 кг) қатысқан болатын.

Түпнұсқасы: fdk.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер