Kazakh Bet
Әлем футболы

Марсель мен Валенсия: үш ұпай алатын уақыт

Марсель мен Валенсия: үш ұпай алатын уақыт
news-banner7
mobile-news-top

Биылғы маусымда сәтті өнер көрсетіп жүрген Валенсия өз алаңында Реал Бетисті қабылдаса, Францияның 1 Лигасында Марсель Нантпен күш сынасады.

Испания біріншілігінің кезекті турында Валенсия Бетиспен кездеседі. Екі команда да соңғы өткізген бес ойындарының тек біреуінде жеңіліс тапқан. Валенсия Барселонаға шыдас бере алмаса, Бетис Реалдан айласын асыра алған жоқ. Алайда қос ұжым арасында өткен соңғы кездесуде Бетис өз алаңында Валенсияға 6:3 есебімен есе жіберген. Ал бүгін Валенсия - алаң қожайы. Алаң иелері жанкүйерлерін қуантуға барынша тырысады. Біздің болжам - Валенсия жеңіске жетеді.

Испания. Примера дивизион. Валенсия - Бетис: Валенсия жеңіске жетеді - 1.54

Ішкі біріншілікте үздік үштікте келе жатқан Марсель жетінші сатыға жайғасқан Нантты қабылдайды. Алаң қожайындарына соңғы үш ойын оңайға соққан жоқ. Брагаға қарсы ойында 1:0 есебімен жеңіліс тапса, ПСЖ-мен екі ойында 3:0 есебімен ұтылды. Ал бүгін Марсель жанкүйерлерінің алдында абырой жинауға барынша тырысады. Нант болса соңғы уақытта тұрақты өнер көрсетіп жүрген жоқ. Соңғы бес ойынның тек біреуінде ғана жеңіске жете алған. Біздің болжам - Марсель жеңіске жетеді.

Франция. Лига 1. Марсель - Нант: Марсель жеңіске жетеді 1.54

Жалпы коэффициент - 2.37

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер