Басқа

Павлодарда баскетбол және футзал жарыстары аяқталуға жақын

news-banner7
mobile-news-top

Қатысушылар саны бойынша рекорд орнатқан Павлодардағы Қысқы студенттік ойындарда футзал және баскетбол жарыстары аяқталуға жақын. Ала доп додасында жалпы саны 27 команда өнер көрсетсе, баскетболда 30 ұжым бас жүлде үшін таласып жатыр, деп хабарлайды prosports.kz сайтының тілшісі.

Әуелде, жазғы студенттік ойындардың бағдарламасында болған баскетбол 3*3 немес «стрит баскетбол» биылдан бастап қысқы Универсиадаға енген. Бұл сында Алматылық студенттердің қарымы мықты.

Бұрымды баскетболшылар жарысында да Алматыдан келген командалар мен жергілікті ұжым сәтті өнер көрсетуде.

Футзалда да бірнеше қыздар ұжымын алып келген Алматы қаласының өкілдері алдына жан салар емес. Алдағы күндері қысқы спорттық бағдарлау, қазақ күресі, гір спорты, армрестлинг, және пауэрлифтингтен жарыстар басталады.

Мәди Мұхамедқали Павлодардан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер