русский язык

Сергей Боровский қызметінен кетті

Сергей Боровский қызметінен кетті

Қазақстан жастар құрамасының бас бапкері Сергей Боровский кешегі жеңілістен кейін қызметінен кетті.

2015 жылы өтетін Еуропа чемпионатына іріктеуді сәтті бастаған Боровскийдің соңы ащы болды. Соңғы кездері Қазақстанның жастар құрамасы жеңілістен көз ашпай кетті. Бұл бас бапкердің қызметтен кенуіне бірден бір себеп.

 

Сергей Боровскийдің орнына оның көмекшісі Андрей Ферапонтов тағайындалды. 38 жастағы маман ұзақ жылдар бойы «Цесна» футбол мектебінде бапкерлік қызмет атқарған, кезінде тарқатылып кеткен «Алматы» командасының жаттықтырушылар құрамында болған. 2012 жылы «Іле-Сәулет» футбол клубының бас бапкері қызметінде жүріп, командамен бірінші лига чемпионы атанған екен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;