Дзюдо

Дзюдодан жастар арасында Қазақстан чемпионаты өтеді

news-banner7
mobile-news-top

4-7 наурыз күндері Талдықорған қаласында дзюдодан жастар арасында Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтеді.

Чемпионатқа 1998-1999 жылдары туылған жас дзюдошылар қатысады. Аталмыш ел біріншілігінде жеңімпаз және жүлдегер атанған татами шеберлері 2018 жылы халықаралық жарыстарға, соның ішінде Азия Чемпионаты мен Әлем біріншіліктеріне қатысуға мүмкіндік алады.

Үш күнге жоспарланған жылдың маңызды додасына халықаралық ареналарда ел намысын абыроймен қорғап жүрген жас таланттар да қатысады. Атап айтқанда, қатысушылар арасында жасөспірімдер арасындағы Әлем Чемпионатының күміс жүлдегері Нұрзат Сәлімбаев (Жамбыл облысы), жастар арасында Әлем Чемпионатының қола жүлдегері Бауыржан Нарбаев (Маңғыстау облысы),жасөспірімдер арасында өткен Әлем біріншілігінің қола жүлдегері Серікболсын Шынтас (Атырау облысы), кадеттер арасында Азия Чемпионы Сұңғат Жұбатқан (Маңғыстау облысы) мен Дамир Болатбек (Алматы облысы), ал қыздардан жастар арасында Азия Чемпионы Камила Берлікаш (Алматы облысы) пен Азия Чемпионатының жүлдегерлері Нұржамал Жарманова (Ақтөбе облысы), Аида Карчаева (Жамбыл облысы), Назерке Тілеуханова (ШҚО), Ғалия Тынбаева (Алматы облысы), Меруерт Сәрсенова (Алматы облысы) сынды кіл мықтылар бар.

Талдықорған татамиіндегі тартысты белдесулерді «Qazsport» арнасы көрсетеді.

Ал жарыс кестесі келесідей болмақ:

4 наурыз

Жеребе тарту рәсімі - 17:00

5 наурыз

Жарыстың басталуы - 10:00

Ұлдар: -55 кг, -60 кг

Қыздар: -44 кг, -48 кг, -52 кг

Жарыстың ресми ашылу салтанаты– 16:00

6 наурыз

Жарыстың басталуы - 10:00

Ұлдар: -66 кг, -73кг, -81кг

Қыздар: -57 кг, -63 кг, -70 кг

7 наурыз

Жарыстың басталуы - 10:00

Ұлар: -90 кг, -100 кг, +100 кг

Қыздар: -78 кг, +78 кг

Түпнұсқасы: fdk.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер