«Қазақстан» мен «KAZспорт» телеарналары Ирландия-Қазақстан матчын көрсетеді
![«Қазақстан» мен «KAZспорт» телеарналары Ирландия-Қазақстан матчын көрсетеді](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1381473581_155602345.jpg?v=28689417)
«Қазақстан» мен «KAZспорт» телеарналары Ирландия мен Қазақстан арасындағы 2014 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу матчын тікелей эфирде көрсетеді.
Бұл туралы республикалық спорттық«Sports.kz» интернет-порталына «KAZспорт» телеарнасының директоры Диас Ахметшәріп хабарлаған деп жазады Қазақпарат агенттігі.
- Қазақстан құрамасының Ирландия құрамасымен қонақтағы матчы 15 қазанда өтеді, Астана уақытымен 00:45-те «Қазақстан» және «KAZспорт» біздің құраманың сырт алаңдағы жекпе-жегін тікелей эфирде көрсетеді. Біз бұл ойынға құқықты сатып алдық және оны біздің жанкүйерлерімізге көрсетеміз,- деді Д.Ахметшәріп.