Жеңіл атлетика

Қазақстан құрамасы эстафетадан финалдық кезеңге шыға алмады

news-banner7
mobile-news-top

Бирмингемде өтіп жатқан жеңіл атлетикадан Әлем чемпионатында 4x400 метрге әйелдер эстафетасының іріктеу жарыстары өтті.

Аталған жарысқа қатысқан қазақстандық желаяқтар жақсы нәтиже көрсете алмады. Ел намысын қорғаған Светлана Голендова, Элина Михина, Любовь Ушакова және Аделина Ахметова төрттігі белгіленген қашықтықты 3:40.54 уақытта жүгіріп өтті. Алайда, бұл көрсеткіш біздің спортшыларды финалдық кезеңге шығара алмады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер