Футзал

Какау: Бұл менің «Қайратпен» бірге жеңіп алған соңғы жүлдем

Какау: Бұл менің «Қайратпен» бірге жеңіп алған соңғы жүлдем
news-banner7
mobile-news-top

Ресейдің Щелково қаласында өткен Еременко кубогында «Қайрат» футзал клубы ресейлік КПРФ командасын 7:3 есебімен жеңіп, чемпион атанған болатын. Бұл қазақстындық клубтың төртінші мәрте аталған турнирде топ жаруы.

Осы айтулы жеңістен кейін команданың бас бапкері Какау клубтың баспасөз қызметіне сұқбат беріп, өз көңіл-күйімен бөлісті.

- Мен жеңіске жеткенімізге өте қуаныштымын. Бұл турнир «Қайраттың» бас бапкері ретінде менің ең соңғы жеңісім болмақ. Көптеген жанкүйерлер менің командадан кетпеуімді сұрауда. Шынымды айтсам өзім де «Қайраттан» кетуді қаламаймын. Бірақ, Қазақстанда жұмыс істегеніме он бір жыл уақыт болды. Осы аралықтағы жұмысыма, жетістіктеріме өте ризамын. Енді клубқа жаңа бас бапкермен жұмыс істейтін кез келді деп есептеймін. Қызметімнен сол үшін кетіп барамын.


Ал Еременко кубогын төрт мәрте жеңіп алғанымызға келсек, бұның бәрі ойыншылардың еңбегі. Бұл турнир UEFA кубогынан кейінгі екінші беделді кубок. Сонымен қатар, КПРФ командасын екінші орынмен құттықтағым келеді. Олар да өте жақсы команда,- деді даңықты бапкер.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер