«Ақтөбе» «Ордабасының» ойыншысын қатарына қосуы мүмкін

news-banner7
mobile-news-top

Шымкенттік «Ордабасының» қорғаушысы Александр Симчевич «Ақтөбеге» байқауға келді. Бұл туралы «ақ-қызылдардың» баспасөз-қызметі жазды.

31 жастағы Александр жас кезінен Александровац қаласының «Зупа» футбол клубының жастар командасында ойнады. 19 және 21 жасқа дейінгі Сербия жастар құрамасында ойнады.

2012 жылдың аяғында Симчевич қарағандылық «Шахтермен» екі жылға еңбек шартына қол қойды. «Кеншілер» сапында Симчевич екі кубок иеленді, 2013 жылғы Қазақстан кубогында қорғаушы «Қайрат» пен «Ертіс» қақпасына екі гол соқты.

2015 жылдан бері «Ордабасыда» ойнап келеді.

Жетістіктері:

Ресейдің ұлттық лигасы жарысының жеңімпазы (1): 2011/12
Қазақстан Кубогының жеңімпазы (1): 2013
Қазақстан суперкубогының иегері (1): 2013
Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері (1): 2017
Қазақстан Премьер-лигасының 33 үздік футболшысының тізімінде (1): № 2 (2013)

Клубтық мансабы:

2009 «Олимпик»(Сараево), 7 матч, 2 сары қағаз
2010 «Ягодина», 14 матч, 5 сары қағаз
2010-2012 «Мордовия», 75 матч, 5 гол, 3 голдық пас
2013-2014 «Шахтер», 47 матч, 8 сары қағаз
2015-2017 «Ордабасы», 76 матч, 6 гол, 7 сары қағаз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер