Басқа

Мақтааралда волейболдан әжелер арасында жарыс өтті (видео)

news-banner7
mobile-news-top

Мақтаарал ауданында 1 наурыз «Алығыс айту» күніне және Мақтаарал ауданының 90 жылдығына орай, әжелер арасында волейболдан жарыс өтті. Ақсамайлы аналар Жетісай қаласындағы №119 мектепте өзара кім мықтыны анықтады, деп хабарлайды Мақтаарал аудандық «Санұр» телеарнасы.

Жалпы жарыста жастары 50 мен 60 аралығындағы әжелер ойнаған. Олар «Гүлдер», «Жауқазын», «Жігер» секілді 4 командаға бөлініп бақ сынасты. Тіпті бұл бәсеке де шалдар жағы да бір команда құрып, әжелерімізге қарсылық танытқан көрінеді. Десе де, салауатты өмір салтын ұстанатын аналар әуедопта ақсақалдарға алдыра қоймады.

Жарыс нәтежиесі бойынша «Гүлдер» командасы 1-орынды иемденсе, ардагер аталар 2-орынды місе тұтты. Ал, «Жігер» командасы үздік үштікті қортындылапты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер