Футзал

«Қайрат» Еременко Кубогын төртінші мәрте жеңіп алды

«Қайрат» Еременко Кубогын төртінші мәрте жеңіп алды
news-banner7
mobile-news-top

Ресейдің Щелково қаласында өтіп жатқан дәстүрлі Еременко кубогы турнирі аяқталды.

Осымен бесінші мәрте ұйымдастырылып отырған халықаралық турнирде «Қайрат» футзал клубы тағы да чемпион атанды

Алматылықтар алғашқы ойында күтпеген жерден Ресейдің «Норильского Никеля» командасынан 3:4 есебімен ұтылып қалды. Бірақ, екінші кездесуде латвиялық «Никарсті» 7:3 есебімен айқын ұтты.

Ал бүгін өткен соңғы матчта «Қайрат» тағы бір ресейлік команда КПРФ-мен күш сынасты. Аталған команда алғашқы екі ойында да жеңіске жеткен болатын.

Бүгін алаңға тек жеңіс үшін шыққан Какау шәкірттері бірінші таймда-ақ есепті 2:0 ге жеткізді. Ал ойынның қортынды есебі 7:3 болды.



Осылайша «Қайрат» футзал клубы төртінші мәрте Еременко кубогын жеңіп алды.

Еременко Кубогы – 2018. Үшінші ойын

КПРФ (Ресей) - «Қайрат» (Қазақстан) - 3:7

КПРФ: Замтарадзе, Беспалый, Багиров, Буруков, Асадов, Лин, Денисов, Паулиньо, Сирило, Ниязов, Разоренов, Разуванов, Симаков, Понкратов

Қайрат: Игита, Дуду, Тайнан, Оразов, Жаманқұлов, Сүлейменов, Першин, Алешандре, Дуглас, Тайеби, Эдуардо, Даниэль

Гол соққандар: Понкратов 30’ Паулиньо 42’, 46’ - 15’, 34’ Тайиби, 22’ Дуглас, 29’ Игита, 36’ Жаманкулов, 48’ Роса, 49’ Алешандре

Төреші: Эдуард Фаткулинс (Латвия)

Ескерту алғандар: Паулиньо 3 – Даниэль 3, Игита 20

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер