Күрес

Жұлдыз Ешімова Азия чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды

Жұлдыз Ешімова Азия чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды
news-banner7
mobile-news-top

Қырғызстан астанасы Бішкекте күрес түрлерінен Азия чемпионаты жалғасуда.

Грек-рим күресі шеберлерінен соң кезек әйелдер күресіне келген. Кеше белдескен балуан қыздарымыз ел қоржынына екі қола жүлде салған болатын. Ирина Козюлина мен Эльмира Сыздыков тұғырдың үшінші сатысынан табылған.

Бүгін бозкілемге шыққан қыздарымыздың арасынан ешбірі финалға шыға алмады. Есесінен бүгінгі жарыс күнінде де қоржынымыз бос емес. Құраманың тәжірибелі палуаны Жұлдыз Ешімова кешегі отандастарының жолын жалғастырып қола жүлде иегері атанды. Үшінші орын үшін таласта жерлесіміз тайпейлік қарсыласын жеңді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер