Басқа

«Астана» Артур Ардавичуспен және клубтың барлық ралли бағыты бойынша жұмысын тоқтатады

news-banner7
mobile-news-top

«Астана» президенттік клубы бюджеттің қысқаруы салдарынан ралли бағытын дамытуды тоқтатуға мәжбүр. «Астананың» команда менеджері әрі капитаны Артур Ардавичустың жетекшілігіндегі спортшылар Әлем кубогы мен «Жібек жолы» жарыстарының кезеңдеріне қатыспай қалады деген қауіп бар.

Айта кетейік, Артур Ардавичус командаға 2011 жылы келіп, келесі маусымда-ақ әлемнің басты ралли-марафоны «Дакарда» жүк көліктері санатында қола жүлдегер атанды. Бұл жетістігі қазақстандық спортшылардың ралли-марафондардағы жетістігінің шыңы болып қалып отыр. Ардавичустың бұл жетістігін 2017 жылы Т2 класындағы «жүк көліктері» санатында «Астана» спортшысы Денис Березовский мен штурман Алексей Никижев қайталаған болатын. Бұған дейін Березовский әлемнің екінші марафоны - «Жібек жолында» осы санатта жеңіске жеткен еді. Ардавичустың, Березовскийдің және «Астананың» өзге де өкілдерінің Әлем кубогы кезеңдеріндегі мұндай жоғары көрсеткіштерін тізбелей берсек өте көп уақыт кетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер