Басқа

Павлодарда ел Универсиадасының жалауы көтерілді

news-banner7
mobile-news-top

Бүгін, 2 наурызда, Павлодар қаласының «Астана» мұз сарайында VII қысқы Универсиада ойындарының алауы тұтанды.

Бұл жарыстың негізгі мақсаты – еліміздегі студент жастары арасында спортты насихаттау, студенттердің дене тәрбиесі мен денсаулығына әсер ету, отансүйгіштікке тәрбиелеу және ұлттық құрамаға үміткерлерді дайындау. Ашылу салтанатында Павлодар облысының әкімі Бақауов Болат Жұмабекұлы сөз сөйлеген.

«Бұл стадионда еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының мыңдаған өкілдері жиналып отыр. Сіздердің араларыңызда болашақ олимпиадашылар мен әлемдік сайыстардың жеңімпаздары бар. Павлодар облысы қазіргі таңда спорт саласына үлкен қызығушылық танытуда. Болашақта, ақ Олимпиаданың чемпиондары шығады деген сенімім мол», - деді Павлодар облысының әкімі.

Аталмыш шара 1 сағат жалғасты. 2500 жанкүйері бар «Астана» мұз сарайының орталығы әдемі көмкеріліп, келген қонақтардың көңілдерінен шықты. Ашылу салтанатында әр оқу орындарының командалары дәстүрлі шерумен бастады.

Еске салайық, ҚР VII қысқы Универсиадаcында спорттың 12 түрінен 2 мыңға жуық спортшы бәсекеге түседі.
Мәди Мұхамедқали
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер