Хоккей

Найджел Доус ҚХЛ-дың үздік сұрмергені атанды

news-banner7
mobile-news-top

Елордалық «Барыс» командасының шабуылшысы Найджел Доус Құрлықтық хоккей Лигасының тұрақты чемпионатында үздік сұрмергендер тізгінінде бірінші орын алды, деп жазады prosports.kz сайты.

Найджел Доус 46 ойында 35 шайба соққан. Екінші сатыға СКА ойыншысы Илья Ковальчук (31) жайғасса, үздік үштікті оның командаласы Никита Гусев (22) түйіндеді.

Сондай-ақ, «Барыстың» шабуылшысы гол-пас жүйесі бойынша да үздіктер қатарына енді. Найджел Доус 56 (35+21) ұпай жинап, үздік үштікке енді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер