Хоккей

«Барыс» маусымдағы соңғы ойында жеңіліс тапты

«Барыс» маусымдағы соңғы ойында жеңіліс тапты
news-banner7
mobile-news-top

«Барыс» ҚХЛ аясындағы соңғы ойында өз айдынында «Авангард» командасын қабылдады.

Елордалық ұжым плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігінен ертеректе айрылған. Ал «Авангард» үшін плей-оффқа шығу үшін қалай да жеңіске жету керек еді. Ойын аса шиеленісті жағдайда өтті. Ойынның бірінші кезеңінен соң елордалық ұжым екі шайба басымдығымен алда тұрған. Алайда «Авангард» кездесу қортындысында жеңіске жетті. Қонақтар жеңіс шайбасын соңғы минутта соғып кетті. Нәтижесінде «Авангард» Шығыс конференциясында жетінші орын иеленіп «Салават Юлаев» командасына қарсылас атанды.

Ал «Барыс» болса маусымды оныншы орынмен аяқтады.

«Барыс» — «Авангард» 3:4 (3:1, 0:2, 0:1)

Шайбалар:

0:1 — 03:08 Семёнов (Медведев, Михеев).

1:1 — 07:35 Маклюков (Михайлис, Диц).

2:1 — 09:26 Кучин (Старченко, Доус).

3:1 — 19:32 Евдокимов (Маклюков).

3:2 — 26:48 Файзуллин (Медведев, Чудинов).

3:3 — 34:27 Семёнов (Кугрышев, Медведев).

3:4 — 59:00 Кошелев.

«Барыс»: Карлссон — Савченко, Семёнов, Савченко, Рыспаев, Диц, Липин, Орехов, Маклюков — Жайлауов, Доус, Михайлис, Муратов, Евдокимов, Данияр, Гренц, Старченко, Маркелов, Гурков, Кучин, Сагадеев;

«Авангард»: Шилин — Хохлов, Меньшиков, Березин, Минеев, Дервук, Медведев, Чудинов — Фисенко, Лемтюгов, Кугрышев, Кошелев, Стась, Галимов, Сундстрём, Пережогин, Хохряков, Михеев, Файзуллин, Семёнов.

Қақпашылар: Карлссон - Шилин, Фурх

Айып уақыты: 10:4 (4:4, 4:0, 2:0)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер