Басқа

ХОК Ресейге салынған санкцияны алып тастады

news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық олимпиада комитеті Ресейге салынған барлық санкцияны алып тастап, оның ұйымға мүшелігін қалпына келтірді.

Бұл туралы Ресей Олимпиада комитетінің президенті Александр Жуков мәлімдеді. Сөйтіп, Пхёнчхандағы Олимпиада алдында салынған тыйым жойылып, енді Ресей құрамасы бұл жарыстарға өз туымен қатысады. Еске сала кетейік, өткен жылы желтоқсан айында Халықаралық Олимпиада комитеті ресейлік спортшылардың Сочидегі Олимпиадада жаппай допинг қолданғаны үшін ұйымға мүшелігін тоқтатқан еді. Нәтижесінде Ресей құрамасы Пхёнчхандағы ойындардан шеттетіліп, сайысқа кей спортшылар ғана шақырылды. Олар жарысқа Олимипиада туымен қатысты. Бірақ бұл жолы да тағы екі ресейлік спортшы допинг қолданып, ресейліктерге Олимпиаданың жабылуында өз елінің туын көтеріп шығуға тыйым салынды.

Александр Жуков, Ресей Олимпиада комитетінің президенті:

– Халықаралық Олимпиада комитеті ойындарға қатысқан ресейлік қалған спортшының бәрін допинг тексеруден өткенін хабарлады. Яғни Олимпиаданың соңғы күндері азаматтарымыздан алынған сынамалардың бәрі дұрыс болып шыққан.

Түпнұсқасы: 24.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер