«Құпия» ақпарат

Ұлттық құраманың тізгінін Стоилов ұстауы мүмкін

Ұлттық құраманың тізгінін Стоилов ұстауы мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан ұлттық құрамасының тізгінін «Астана» клубының бас бапкері Станимир Стоилов ұстауы мүмкін.

Prosports.kz тілшісіне белгілі болғандай, Қазақстан футбол федерациясы Ұлттық құраманың тізгінін кімнің ұстайтынын алдағы бір-екі күнде мәлімдеуі қажет. Біздің мәліметке сай, Қазақстан құрамасын Станимир Стоилов баптауы мүмкін. Өйткені бірер күн бұрын Станимир Столилов мен ҚФФ президенті Әділбек Жақсыбеков кездесу өткізген.

ҚФФ басшылары тәжірибелі маманнан «Астана» командасындағы қызметінен кетуді сұрамауы да мүмкін. Себебі, қыркүйек айына дейін ұлттық құраманың ресми ойыны жоқ. Сол уақытқа дейін Стоилов мырзаның клуб пен құрамадағы жұмысты қатар алып жүруге де мүмкіндігі жетеді.

Бұған дейін «Қайсар» командасының жаттықтырушы Стойчо Младенов отандасы Станмир Стоилов мансабын Қазақстанда жалғастыруы мүмкін екенін айтқан болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер