Марадона Аргентина құрамасына шақырған ойыншы «Ордабасыға» ауысты

news-banner7
mobile-news-top

Аргентиналық жартылай қорғаушы Факундо Бертольо «Ордабасымен» келісімшартқа отырды.

Бертольо аргентиналық «Колон» клубының түлегі, 2009 жылы А сериясында дебютін өткізген. Кейін 2010 жылы киевтік «Динамоға» ауысып, бес жылдық еңбек келісіміне қол қойды. Кейін аргентиналық «Тигре», грекиялық «Астерас» пен кипрлік АПОЭЛ сапында ойнады.

2010 жылы 19 жасында Диего Марадона жаттықтыратын Аргентина құрамасында дебютін өткізген. Алғашқы матчында Гаитиге қарсы ойнап, дубль жасады.

«Ордабасы» подписал автора дубля за сборную Аргентины

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер