«Ақтөбе» тағы бір қақпашымен келісімшартқа отырды

news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Мұхамбет Тамабай «Ақтөбе» ФК – мен жаңа келісімшартқа отырды.

Командамыздың үшінші оқу-жаттығу жиынында тұрақтаған «Calista» қонақ үйінде бүгін ақтөбелік қақпашымен келісімшартқа қол қойылды. Келісімшартқа ойыншы мен клубтың бас директоры Самат Смақов қолдарын қойды.

Амплуа – Қақпашы
Туған жылы – 28.07.1996 (21 жас)
Азаматтығы – Қазақстан
Соңғы клубы – Ақтөбе
Бойы/салмағы – 191/66

Өмірбаяны

Тамабай – Ақтөбе футболының түлегі. Жастайынан жергілікті команданың футбол орталығында өсіп-жетілді. Түрлі топтардың құрамында жүріп, ел біріншілігі жарыстарында жеңімпаз атанып жүрді. Дубль құрамында жылдам қимылымен, қақпашыға тән әккілігімен көзге түсе білді. Басты команда сапына 2016 жылы қабылданды. Мұхамбет келешекте «Ақтөбенің» негізгі қақпашысы болатын болашағынан үміт күттірер футболшы.


Түпнұсқасы: «Ақтөбе» ФК баспасөз-қызметі Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер