Мирослав Беранек: «Бізге қорғаныс пен шабуылды қатар алып жүретін ойыншылар керек»
![Мирослав Беранек: «Бізге қорғаныс пен шабуылды қатар алып жүретін ойыншылар керек»](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1381320317_776816803.jpg?v=28689422)
Ұлттық құраманың бас бапкері Мирослав Беранек Талғардағы ОЖЖ-да алдағы Фарер мен Ирландияға қарсы ойынға дайындық туралы айтты.
- Алдағы матчқа команданың көңіл-күйі қалай?
- Өзіңіз көргендей, алты ойыншымыз негізгі топтан тыс жаттығып жүр. Кішігірім жарақаттары бар. Тағы екеуі кездесуге Германиядан аттанады.
- Шмидтгаль мен…
- Энгель. Екеуіде жарақаттарынан жазылып, алаңға шығуға дайын. Шмидтгальдың соңғы матча алаңға шыққаны жайлы хабардармын. Біз үшін бұл жақсы, көмегі тиеді деген ойдамын.
- Алдағы ойындарда қанша ұпай алуға мақсат қойдыныз?
- Алты. Әсіресе бірінші кездесуге ерекше дайындалудамыз. Фарер аралдарында ауарайы біраз қиындықтар тудыруы мүмкін.
- Соңғы уақытта ұлттық құрамамыз тек мықты қарсыластармен ғана жақсы ойын көрсетуде...
- Неге? Фарерға қарсы матчта да жаман ойын көрсеткен жоқпыз. Кездесу барысында 0-1 есебімен ұтылып тұрып жағдайды өзгерттік. Ибрагимович болмағанда Швеция құрамасында састырар едік.
- Марат Хайруллин алдағы кездесулерге шақырту алмады, себебі неде?
- Ол екінші тізімде бар. Хайруллин шабуылға жақын ойыншы.Кейде қорғанысты ұмытып алғы шепке өтіп кете береді. Бүгін таңда бізге қорғаныс пен шабуылды қатар алып жүретін ойыншылар керек.
- «Шахтердың» ойыншылары Еуропа лигасында тер төгіп жүр, сіздің ойынша шаршаған жоқ па?
- «Шахтердың» бапкері өте білікті, әр кездесу алдында ойыншылардың әлуетін саралап негізгі құрам ойыншыларын алмастырады. Соның арқасында көшбасшы ойыншылар демалуға мүмкіндік алып қалпына жылдам келеді.