Ресми: Ұлан Қонысбаев «Ақтөбеге» ауысты

Ресми: Ұлан Қонысбаев «Ақтөбеге» ауысты
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Ұлан Қонысбаев «Ақтөбе» ФК ойыншысы атанды.

Команда үшінші оқу-жаттығу жиынында тұрақтаған «Calista» қонақ үйінде бүгін қазақстандық жартылай қорғаушымен келісімшартқа қол қолды. Келісімшартқа ойыншы мен клубтың бас директоры Самат Смақов қолдарын қойды.

Туған жылы: 28 мамыр 1989 жыл (28 жас)
Азаматтығы: Қазақстан
Соңғы клубы: Атырау
Позиция: Жартылай қорғаушы
Бойы/Салмағы:176 см, 62 кг

Өмірбаяны

Ұланның үлкен футболдағы дебюті «Тараз» - «Ақжайық» матчында тіркелді. Туған командасындағы алғашқы жылы Ұлан 7 доп соқты. Кейін жастар құрамасына шақыртылды. 2011 жылдың ақпанында астаналық «Локомотив» пен «Тараз» арасында келісім болып, Ұлан Роман Пахолюкке алмастырылды. Жазғы трансфер кезеңінде «Шахтерға» жалға берілді, бірақ кейін Қонысбаев елордалық клубқа қайтып келді.

Құрамадағы мансабы

Ұлан ұлттық құрамаға алғаш рет 2010 жылы шақырту алды. 2011 жылдың 9 ақпан күні Белоруссиямен болған матчта алғашқы ойынына шықты. Бірінші голын 2011 жылдың 2 қыркүйегінде Түркия қақпасына соқты.

2008/2010 – Қазақстан (21) 4 ойын
2011/2016 – Қазақстан 32 ойын, 3 гол

Клубтық мансабы

2006/2007 – «Жамбыл» 42 ойын, 5 гол
2008/2010 – «Тараз» 82 ойын, 14 гол
2011/2013 – «Астана» 65 ойын, 11 гол
2011/2014 – «Шахтер» (Қарағанды) 40 ойын, 5 гол
2015 – «Астана» 12 ойын
2015 – «Қайрат» (Алматы) 6 ойын
2016 – «Атырау» 13 ойын, 1 гол


Түпнұсқасы: «Ақтөбе» ФК баспасөз-қызметі Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер