Жеңіл атлетика

Қазақстан жеңіл атлеттерінің әлем чемпионатындағы қарсыластары анықталды

news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық жеңіл атлетика қауымдастығы (IAAF) 1-4 наурыз аралығында өтетін жабық кешендегі әлем чемпионатына қатысатын спортшылардың тізімін жариялады.

Бирмингемде Қазақстанның намысын 400 метрге жүгіретіндер қорғайды. Ерлер арасында – Михаил Литвин, әйелдерден – Светлана Голендова мен Элина эәне 4х400 метрлік эстафета құрамасы бар.

Ұлыбританияда Михина мен Голендовамен қосқанда бұл қашықтықта 38 атлет өнер көрсетеді. Олар 26 елдің намысын қорғайды. Әзірге Элина өзінің үздік нәтижесі 52.53 секундпен осылардың арасында 14-орында тұр. Ал Голендова 52.76 секундпен 21-сатыға жайғасқан.

Әйелдер арасындағы 400 метрдің іріктеу кезеңі 2 наурыз күні таңғыбағдарламаға енгізілген. Жартылай финал сол күні кешке өтсе, финал 3 наурызға жоспарланған.

Ерлер арасындағы 400 метрге жүгіретіндердің тізімінде 37 атлет бар. 28 елден қатысатын спортшылардың ішінде 22 жастағы қазақстандық Михаил Литвин 26-орында. Оның биылғы маусымдағы ең үздік көрсеткіші – 46.93 секунд. Солтүстік Қазақстан тумасы жеке рекордын 2017 жылы Ашхабадта өткен жабық кешендегі Азия ойындарының финалында орнатқан. Ол кезде Литвин 46.51 секундта жүгірген. Соның арқасында әлем чемпионатына жолдама алды. Ол нәтижесін есепке алсақ, рейтингте 18-орында болар еді.

Ал эстафетаға әйелдерден 10 команда қатысады. Бұл құрамды IAAF өзі іріктеп алған. Қазақстаннан бөлек, Чехия, Ұлыбритания, Италия, Ямайка, Нигерия, Польша, Португалия, Украина, АҚШ құрамалары бар. Ел намысын Любовь Ушакова, Аделина Ахметова, Светлана Голендова, Элина Михина төрттігі қорғайды.

Эстафетаға жүгіретіндердің жартылай финалдағы 3 наурызда, финалы 4 наурызда өтеді.

Түпнұсқасы: kazathletics.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер