Жанкүйерлер «Спортингке» қарсы кездесудің үздік ойыншысын анықтады

news-banner7
mobile-news-top
«Астана» футбол клубының Вконтакте желісіндегі ресми парақшасында жанкүйерлер «Спортингке» қарсы кездесудің үздік ойыншысын анықтады.
Ойын 3:3 есебімен аяқталып, кездесуде Марин Томасов нәтижелі соққысымен және нәтижелі пасымен көзге түскен болатын. Дәл осы хорватиялық ойыншы жанкүйерлер тарапынан 54,9% дауыс жинап, үздік атанды.

Екінші орында кездесудің нүктесін қойып, елордалық командаға тең нәтиже сыйлаған Дмитрий Шомко. Вице-капитан жанкүйерлердің20,8% қолдауына ие болды.

Ал үздік үштікті тағы бір голдың авторы – Патрик Твумаси қорытындылады.

Дауыс беру қорытындысы:
1.Марин Томасов 54,9%
2.Дмитрий Шомко 20,8%
3.Патрик Твумаси 14,6%
4. Абзал Бейсебеков 3,5%
5.Марин Аничич 1,3%
Дауыс беруге жалпы саны 6 518 адам қатысты.

Түпнұсқасы: fca.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер