Жеңіл атлетика

Қазақстан кубогында командалық есепте Алматы қаласы жеңіске жетті

news-banner7
mobile-news-top

Жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Қазақстан кубогының екі іріктеу және финалдық кезеңі аяқталды.

Қазақстан кубогына еліміздің 11 облысы мен Астана және Алматы қаласының спортшылары қатысты. бірінші орынды командалық есепте Алматы құрамасы жеңіп алды. Оңтүстік астанамыздың спортшылары финалда 17 (5 алтын, 7 күміс, 5 қола) медаль еншілеген. Жалпы – 17629 ұпай.

Чемпион атанғандардың қатарында Роман Лошкарев (биіктікке секіру), Никита Филиппов (сырықпен секіру), Виктория Зябкина (60 метрге жүгіру), Әйгерім Шыназбекова (60 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру), Анастасия Ермакова (сырықпен секіру) бар.

Екінші орын Қарағанды облысына бұйырды. Сарыарқадан келген спортшылар 5 алтын, 3 күміс, 2 қолаға ие болды. Жалпы ұпай көрсеткіші – 12670. Қарағанды құрамасынан Вячеслав Земс (60 метрге жүгіру және 60 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру), Мария Овчинникова (ұзындыққа және үш қарғып секіру), Любовь Ушакова (200 метрге жүгіру).

Үшінші орынға Павлодар құрамасы тұрақтады. Кереку спортшылары 7 (1 алтын, 4 күміс, 2 қола) еншілеген. Жалғыз алтын 200 метрге жүгірген Дамил Сутжановқа тиесілі. Жинаған ұпай көлемі – 10361.

Түпнұсқасы: kazathletics.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер